Бұрынғыдай жайың бар ма? (текст)

Бұрынғыдай жайың бар ма?
Мінетұғын тайың бар ма?
Жылағанда дайын тұрған
Қарындағы майың бар ма?

Бұрынғыдай елің бар ма?
Үй артында желің бар ма?
Шұрқырасып маңыраған
Шулап жатқан төлің бар ма?

Өрелеген етің бар ма?
Кеселеген сүтің бар ма?
Ертелі-кеш сауып ішер
Аруанадай құтың бар ма?

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: