Бөлем-ай (текст)

Айдап салдым жылқымды тақырға деп, ай,
Қарамаушы ем кеш батса жатыр-ау деп, ай!

Бөлем-ай, бөлем-ай,
Күнің барда күнде ойна,
Фәни жалған, ай, өтеді-ай!

Қосылған кішкентайдан, қарағым-ай,
Атамаушы ем атыңды “қатын-ай!” деп, ай!

Бөлем-ай, бөлем-ай,
Күнің барда күнде ойна,
Фәни жалған, ай, өтеді-ай!

Алқызыл көрінеді қашқан түлкі, ай,
Жігіттің қайда қалмас жиған мүлкі, ай!

Бөлем-ай, бөлемай,
Күнің барда күнде ойна,
Фәни жалған, ай, өтеді-ай!

Барында оралыңның ойна да күл, ай,
Қызығы бұ жалғанның ойын-күлкі, ай.

Бөлемай, бөлемай,
Күнің барда күнде ойна,
Фәни жалған, ай, өтеді-ай!

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: