Гүлімсің (текст)

Жүрек тұнған сағыныш, ән жырымды алып ұш,
Шын сүй дағы өмірде, махаббатын балын аш.
Сынғыр сырлы сұлуым, махаббаттың жылуын,
Нұр болып құй құмарланған кеудеме.

Гүлім, гүлім, гүлімсің — арманымсың, жырымсың,
Бақытымсың, базарымсың сен.
Махаббаттың жырын айт, жүрегімнің сырын айт,
Арман гүлім, ажарымсың сен

Ақ сезімнің үмітің, әлдилейді күні түн,
Бақытымның бастауы, өмірімнің гүлісің.
Тебіреткен тілектің, тыншымаған жүректің,
Кеудемдегі күмбірлеген үнісің.

Гүлім, гүлім, гүлімсің — арманымсың, жырымсың,
Бақытымсың, базарымсың сен.
Махаббаттың жырын айт, жүрегімнің сырын айт,
Арман гүлім, ажарымсың сен

Махаббаттың мәңгілік, тұнығындай таңғы үміт,
Сені сүю мені үшін, тәңір жазған заңдылық.
Жан тербеген сазыңнан, сенің ерке назыңнан,
Жан гүлім-ау, жаралансам жазылған.

Гүлім, гүлім, гүлімсің — арманымсың, жырымсың,
Бақытымсың, базарымсың сен.
Махаббаттың жырын айт, жүрегімнің сырын айт,
Арман гүлім, ажарымсың сен.

 

Сөзі:

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: