Гүл едің (текст)

Гүл едің болып тұрған, толып тұрған
Қуантқан, қызғандырған, торықтырған
Кетпейді сонау бір сәт әлі есімнен
Өзіңді ойда жоқта жолықтырған, жолықтырған
Жолықтың, бірақ отың маздамады
Тағдырдың секілді бір жазбағаны
Апыр-ау қоламта боп қаласың ба
Жүрегің неге салқын, аз ба қаны, аз ба қаны?
Мақұлда, мейлің қалқам, мақұлдама
Махаббат ұстамайды ақылды алға
Болмаса өз отымнан ыстық отың
Жаныма өртенесің жақындама, жақындама.

 

Сөзі: Ж.Молдағалиев

Әні: И.Жақанов

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: