Гүл өзің-ай (текст)

Ендеше, өлең де өнер, оу, өнер де өнер,
Жүйрік ат өрге шапса өршеленер.
Гүл өзің-ай!
Отырған гүл-гүл жайнап мінезің-ай!
Күл де ойна күнің барда, оу, тіршілікте,
Шырағың жайнап тұрған бір күн сөнер.
Гүл өзің-ай!
Отырған гүл-гүл жайнап мінезің-ай!
Қарасаз біздің ауыл, оу, бөгелінде,
Бөгелдің қой тоқтамас кемеріне.
Гүл өзің-ай!
Отырған гүл-гүл жайнап мінезің-ай!
Күл де ойна күнің барда, оу, беу, қарағым,
Келерсің сен де бір күн кемеліңе.
Гүл өзің-ай!
Отырған гүл-гүл жайнап мінезің-ай!

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: