Дайдай-ау (текст)

Қатқылға жол салады шұбырған мал,
Құйрығы кер торы аттың он екі тал.
Ауылына жан досымның, әй, барамын деп,
Қалмады кер торы атта өкпедей жал.

Жайнаған қару болат тастан шығар,
Жұлқынған ерен жүйрік жастан шығар.
Аңдай бас аяғыңды, құрбыларым,
Дұшпаның алыста емес достан шығар.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: