Дедімай-ау (2-нұсқа) (текст)

Құба жетер тағы да құба жетер,
Көшкен елдің қадірі қонғанда өтер, дедім-ай-ау,
Ойнап, күлсін жастарым келешекте,
Мына дәурен басыңнан әлі-ақ өтер, дедім-ай-ау.

Қағазға жаздым қаламды,
Қалауың болсын, ал енді.

Арқар, құлжа деген соң арқар, құлжа,
Атып алсам құлжаның терісі олжа, дедім-ай-ау,
Бұл жалғанда, жастарым, ойна да күл,
Ойнап, күлсең өзіңе тегін олжа, дедім-ай-ау.

Қағазға жаздым қаламды,
Қалауың болсын, ал енді.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: