Дидар (текст)

Базарға қой айдаттым пұл екен деп,
Қояды қыздың атын Ұлмекен деп.
Бойыма ішкен асым тарамайды,
Көңілі Ұлмекеннің кімде екен деп.

Аулымның қонған жері боз бетеге,
Бір үйде қыз бес болса, тон жете ме?
Көңілің расыңмен болса менде,
Шық түнде, мен ерейін, сен жетеле.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: