Домбыра текст

Егіз сәби үніндей іңгәлаған
Домбырамның әуенін тыңда, балам.
Күй сырымен мерейім өсіп бірге,
Онсыз кейде көңілді мұң қамаған.
Арулардың арманы қол жетпеген,
Аналардың мейірімі өбектеген —
Бәрі-бәрі қос ішектен төгіледі,
Қоңыр сазын содан да бөлек көрем.
Ер жігіттің ерлігі ол жасымаған,
Пернесінде сөйлейді жасыл далам.
Құрманғазы, Тәттімбет, Диналардың
Өзі болып күй шертер ғасыр маған.
Сыр ашады Махамбет, Мәдилерім,
Ұрпағымен ұзартып ән-күйлерін.
Домбырасыз үйімнің сәні келмес,
Домбыра боп, туған жер, әлдилеген.

Сөзі: К. Сауғабаев

Әні: М. Егінбаев

Орындаушы:

Видеоға сілтеме:

Домбыра жеткізу Алматы бойынша тегін!