Ей, айнам (текст)

Мүмкін емес ел-жұртқа түгел жақпақ,
Бай, кедейдің көңілін, ей, айнам, бірдей таппақ, әй уәй.

Қара қылды қақ жарып отырсаң да,
Біреу мақтап жатады, ей, айнам, біреу даттап, әй уәй.

Кей ағайын көрінер көзге тәуір,
Ішім толы өкпе емес, ей, айнам, өңкей бауыр, әй уәй.

Дәлдеп салған жауыңның қанжарынан,
Саусағымен досыңның, ей, айнам, шерткені ауыр, әй уәй.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: