Ей, бұлбұл-ай (текст)

Құла кермен аулыңа аяңдайын,
Жүрек сырын өзіңе баяндайын.
Ұға алмасаң жүректің ләззатын,
Жан сәулем деп айтудан аялдаймын.

Ей, бұлбұл-ай, бұлбұл-ай,
Алтыннан сырға, қима бел.
Сауықшыл сайран біздің ел,
Еу, айдай.

Көкала үйрек ұшады аспанменен,
Таң ата ма мезгізсіз сасқанменен.
Кісі жары кісіге жар болмайды,
Қанша мақтап өлеңге қосқанменен.

Ей, бұлбұл-ай, бұлбұл-ай,
Алтыннан сырға, қима бел.
Сауықшыл сайран біздің ел,
Еу, айдай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: