Ей, игай (2-нұсқа) (текст)

Ей, игай!
Бақ қайда тойда өлең бастағандай,
Жастықты ұрмай-соқпай жасқанғандай.
Әй, уәй.

Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді,
Артына алтын үйіп тастағандай.
Әй, уәй.

Ей, игай!
Іші алтын өлеңімнің, сырты күміс,
Жақсы атқа бірдей бітер жорға жүріс.
Әй, уәй.

Өлеңім – жақсылардың жан азығы,
Табамын екі қолға тағы бір іс.
Әй, уәй.

Ей, игай!
Айта біл өлеңіңді өрнекпенен,
Жақсыны бір ғанибет көрмек деген.
Әй, уәй.

Қонар бақ, ер жігітке бітер дәулет,
Ақ адал, елге еткен еңбекпенен.
Әй, уәй.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: