Екеуім-ай (2-нұсқа) (текст)

Ендеше, сылдыр үзбе, сылдыр үзбе, екеуім-ай,
Қасыңа біз келгенде білдіңіз бе, ай.
Тұсына аулыңның ай келіп қалдық, екеуім-ай.

Етесіз қандай сыйды енді бізге, ай,
Етесіз қандай сыйды енді бізге, ай.

Ендеше қу ырғайлы, қу ырғайлы, екеуім-ай,
Қу ырғай отқа салса, дуылдайды, ай,
Мен сізді көргенім жоқ, ай, естуім бар, екеуім-ай.
Сыртыңнан көрген жандар шуылдайды, ай.
Сыртыңнан көрген жандар шуылдайды, ай.

Ендеше, қара атымды, ай қара атымды, екеуім-ай,
Жиямын сізге қарай қанатымды, ай.
Алашты алты болыс араладым, екеуім-ай.
Таппадым сізден өзге жаратымды, ай.
Таппадым сізден өзге жаратымды, ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: