Екі-ай, қалқам (текст)

Барады аулым көшіп Ылайкөлге,
Жарасар дүрия бешпент қынай белге-ай.

Екі-ай, қалқам,
Сізден қорқам.
Қайтейін қылығыңды, әттең, қалқам.

Кеткенде аулың алыс, құрбыларым,
Құшақтап құс жастықты жылай көрме-ай.

Екі-ай, қалқам,
Сізден қорқам.
Қайтейін қылығыңды, әттең, қалқам.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: