Екі де бала замандас-ай (текст)

Көшкенде жылқы айдаймын жалбаспенен-ай,
Бітеді ортан жілік жамбаспенен-ай.

Екі де бала замандас-ай,
Ебін тауып амандас-ай.

Көп күннің көрмегелі жүзі болды-ай,
Аман ба ауыл-аймақ, мал-баспенен-ай.

Екі де бала замандас-ай,
Ебін тауып амандас-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: