Енді аман бол (текст)

Алтын ерді көтеріп атқа салдым-ей,
Қазине деп атыңды хатқа салдым-ей.

Енді аман бол-ай.

Жатсам ұйқым келмейді, тұрсам күлкім-ей,
Бір сен үшін жанымды отқа салдым-ей.

Енді аман бол-ай.

Сен де арманда, қалқатай, мен де арманда-ей,
Екі арман да жылайды айрылғанда-ей.

Енді аман бол-ай.

Қарай-қарай артыма мойным талды-ей,
Нең кетеді артыңа қайрылғанда-ей.

Енді аман бол-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: