Еу-айдай (2-нұсқа) (текст)

Жайлаушы еді біздің ел Қобда бойын-ей,
Бие байлап шалғынға, жасап тойын, еу-айдай.
Сауық құрып бозбала, ән шырқайды-ей,
Қызкеліншек жиналса салып ойын, еу-айдай.

Жүгіріп шықтым белеңге,
Сен болмасаң келем бе.
Әдейі іздеп мен келдім,
Той боп жатыр дегенге.

Дәйім менің мінгенім құла мойын-ей,
Қыз-бозбала сылайды тұла-бойын, еу-айдай.
Сауық құрып сайрандап ән шырқайды-ей.
Жігіт желең жиылып салып ойын, еу-айдай.

Жүгіріп шықтым белеңге,
Сен болмасаң келем бе.
Әдейі іздеп мен келдім,
Той боп жатыр дегенге.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: