Еу-айдай (3-нұсқа) (текст)

Қара таудың басында қақ тұрмайды, еу-айдай.
Жалғыз құлан далада аттырмайды.

Бал қайнат,
Шай қайнат.
Ақырын жағып,
Жай қанат.

Қиқу мақпал қыз да араз,
Қыздарменен біз де араз,
Келесің деп қыз да араз,
Келеміз деп біз де араз.
Соныменен күнде араз,
Болып жүрміз мүлде араз.

Алтын-ай, күміс-ай,
Өзің біл, қалқам, күніш-ай.

Қызды ауылдың сыртынан ән салғанда, еу-айдай,
Қызы бар үй қыржыңдап жақтырмайды.

Бал қайнат,
Шай қайнат.
Ақырын жағып,
Жай қанат.

Қиқу мақпал қыз да араз,
Қыздарменен біз де араз,
Келесің деп қыз да араз,
Келеміз деп біз де араз.
Соныменен күнде араз,
Болып жүрміз мүлде араз.

Алтын-ай, күміс-ай,
Өзің біл, қалқам, күніш-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: