Жайдарман (2-нұсқа) (текст)

Көрінсеңші көзіме егіндей боп.
Жаңа шыққан егіннің көгіндей боп.

Жайдарман, жақын кел,
Жан-жар етем, қолың бер.

Жасыл гүлдей жайнаған, Жайдарманым-ай,
Аңсап келдім алыстан, ғашық жарым-ай.

Жайдарман, жақын кел,
Жан-жар етем, қолың бер.

Аңсап-шаршап алыстан келгенімде,
Жан көрінбес көзіме өзіңдей боп.

Жайдарман, жақын кел,
Жан-жар етем, қолың бер.

Алыс кетсем артымда әнім қалсын-ай,
Сүйген жарым Жайдарман, шырқап салсын-ай.

Жайдарман, жақын кел,
Жан-жар етем, қолың бер.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: