Жан еркем (текст)

Айналайын көзіңнен көлгірім-ай,
Тас бұлақтың суындай мөлдірім-ай.
Ой, дүние-ай!
Шаршы топтың ішінен таңдап алған,
Асқар таудай айшықты белгілім-ай,
Ой, дүние-ай!

Ашық мінез, ақ маңдай,
Менмендік жоқ ешқандай.
Сөзің алтын, күлкің аз,
Жайдары жүз еркем-ай.
Ауылым Көлсай бойында,
Еш нәрсе жоқ ойымда.
Шырқап әнге салайын,
Осынау жастың тойында.

Көрінсеңші көзіме егіндей боп, ай,
Жаңа шыққан егіннің көгіндей боп,
Ой, дүние-ай!
Жасыл гүлдей жайнаған жан еркем-ау,
Атпен шарлап алыстан келгенімде,
Ой, дүние-ай!

Ашық мінез, ақ маңдай,
Менмендік жоқ ешқандай.
Сөзің алтын, күлкің аз,
Жайдары жүз еркем-ай.
Ауылым Көлсай бойында,
Еш нәрсе жоқ ойымда.
Шырқап әнге салайын,
Осынау жастың тойында.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: