Жеңеше-ай (2-нұсқа) (текст)

Айдап салдым жылқымды тепсең жерге, жеңеше-ай,
Сіздей адам табылмас ексем жерге, жеңеше-ай,
Күн батар мен ымырттың арасында, жеңеше-ай,
Асыққаннан тимейді өкшем жерге, жеңеше-ай.

А-ай, жеңеше-ай,
Осылай әнім өзгеше-ай.

Айдап салдым жылқымды ақуданға, жеңеше-ай,
Жабағы арық, тай семіз көп сауғанға, жеңеше-ай,
Шын көңілімді тартасың алтындай-ақ, жеңеше-ай,
Ақ білегің сыбанып нар сауғанда, жеңеше-ай.

А-ай, жеңеше-ай,
Осылай әнім өзгеше-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: