Жылқышы әні (текст)

Жылқысы біздің елдің ала мойын,
Су ішіп айдын көлде салады ойын.
Сүйеніп тал құрыққа тұрғанымда
Қалқада әрқашанда болады ойым.

Айқайлап жылқы бақтым қысы, жазы,
Қалқамның құлағымда айтқан назы.
Шалқыған дарияда қанат қаққан
Сен едің ерке жүзген қоңыр қазы.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: