Жылқы ішінде бір ала (текст)

Асау кер ат жүрмейді асыққанда,
Еркін даусым келмейді қарлыққанда.
Асау кер ат бойында мін болар ма,
Сұлу қызға тағатын сын болар ма!

Жылқы ішінде ала жүр,
Тай секілді, ай-угай.
Оны қуып бала жүр,
Ай секілді ай-угай.

Ат байладым ақ үйдің кермесіне,
Көз салмадым біреудің бермесіне.
Ат байладым ақ үйдің белбеуіне,
Шашақ төгер кербез қыз белбеуіне.

Жылқы ішінде ала жүр,
Тай секілді, ай-угай.
Оны қуып бала жүр,
Ай секілді ай-угай.

Сәуле беріп түндегі туған айдай,
Асыр салған өрісте құлын-тайдай.
Той-думанды, мереке болған жерде
Қыз-бозбала жиылып, ән шырқайды-ай.

Жылқы ішінде ала жүр,
Тай секілді, ай-угай.
Оны қуып бала жүр,
Ай секілді ай-угай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: