Замандас (3-нұсқа) (текст)

Жер жаннаты Баяннуурым-ей құтты мекен,
Ақ айдарлы алтын дән егін еккен.

Замандас, көтер бас,
Жаңа өмірге жай құлаш.

Шаруашылық орнаған-ей құнарыңа,
Еңбек етіп кілең жас терін төккен.

Замандас, көтер бас,
Жаңа өмірге жай құлаш.

Тамылжиды есірген-ей алма бағы,
Дәмі тәтті, шекер бал, татыр дәмі.

Замандас, көтер бас,
Жаңа өмірге жай құлаш.

Жерім дарқан, елім бай-ей құтты ұя,
Жылдан жылға өседі озат саны.

Замандас, көтер бас,
Жаңа өмірге жай құлаш.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: