Зинат әні (текст)

Әкем аты Боранбай, атым Зинат,
Сағылықпен атандым мен перизат.
Жаманшылық, жақсылық ісім болса,
Кешіңіздер, ағайын, құрбым қымбат.

Сөз сөйлейін, ағайын, алдарыңда,
Бұл дүниеде кім жеткен арманына.
Бір шалменен қосылып кетіп барам,
Көзім жетті өмірдің жалғанына.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: