Келеді айлар туып (текст)

Келеді айлар туып, аппақ болып,
Көктемде қой өледі қатқақ болып,
Барында оралыңның екі ойнап, күл,
Өлсең қалар қара жер аппақ болып.

Келеді айлар туып, күңгірт болып,
Көктемде қой өледі қыл-құрт болып.
Барында оралыңның екі ойнап, күл,
Өлгеннен соң қалармыз жым-жырт болып.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: