Кер құнажын (текст)

Бастаған сиыр алдын, кер құнажын,
Бетіме биылдан соң, ай, түсер әжім.
Тоятын ақ сұңқардың құзғыны ілсе,
Тағдырдың жазғанына, ай, бар ма ылажым.

Кәй-ау, кәй-ау, кәй-ау, я-а-а-у.

Ұшады көк ала үйрек аспанменен,
Мезгілсіз таң атпайды, ай, сасқанменен.
Кісіге кісі жары жар бола ма,
Қаншама бауырыңа, ой, басқанменен.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: