Күнде қызық сәулем-ай (текст)

Баға жетпес жақсыға бір гауһар тас-ей,
Он алты, он жетіге келгенде жас, күнім-ау.

Құмармын өзіңе,
Қой мақпал көзіңе,
Армансыз өтер ем,
Бұйырсаң өзіме.

Сынығындай алтынның, қарағым-ай-ей,
Көрген сайын болады-ау көңілім мас, күнім-ау.

Құмармын өзіңе,
Қой мақпал көзіңе,
Армансыз өтер ем,
Бұйырсаң өзіме.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: