Көзіңнен жан айналсын (текст)

Көзіңнен жан айналсын жалт-жұлт еткен,
Жан бар ма жамалында сенен өткен.
Қарасам тал бойыңда бір мінің жоқ,
Жігіттің арманы жоқ қолы жеткен.

Көзіңнен жан айналсын күлімдеген,
Артыңнан басқан ізің білінбеген.
Қарасам тал бойыңда бір мінің жоқ,
Тырнағым созсам тағы ілінбеген.

Қағаздың қасың сұлу сиясындай,
Тоғайдың мойның ұзын миясындай.
Қолымды қайтсем саған жеткіземін,
Сұңқардың жатқан жерің ұясындай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: