Көкежан иғай (текст)

Кеткенде аулың алыс, ей, жылай жаздым,
Атымнан жылай-жылай, көкежан, иғай, құлай жаздым-ай.
Жұртында өзің кеткен, ей, исің қалып,
Қолыма кетпен алып, көкежан, иғай, бір ай қаздым-ай.

Базардан базар барып, ей, қазан алдым,
Болар деп үстім күйе, көкежан, иғай, тазаны алдым-ай,
Кеткенде аулың алыс, ей, қимас қалқа,
Атыма теріс мініп, көкежан, иғай, назаландым-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: