Майда жал (текст)

Жүк артса жарасады қара нарға,
Салайын құйқылжытып майда жалға.
Шырқатып, тамылжыта салған әнім,
Қалықтап жетер ме екен қалқажанға.

Бұл әнім қалқажанға ұнар ма екен,
Жүректің нәзік сырын ұғар ма екен.
Тұтанып жүрегіне ғашық оты,
Сол қалқа бізге мойын бұрар ма екен.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: