Майтөбе – біздің жайлау-ай (текст)

Басың биік, Майтөбе, тақиядай-ай,
Шалғыныңды қыз-жігіт жапырады-ай.

Майтөбе – біздің жайлау-ай,
Өмірдің бар ма байлауы-ай.

Оралыңның барында ойна да күл-ай,
Өтіп дәурен барады қапияда-ай.

Майтөбе – біздің жайлау-ай,
Өмірдің жоқ қой байлауы-ай.

Біздің ауыл Майтөбе төрінде отыр,
Өзің көрген баяғы жерінде отыр.

Майтөбе – біздің жайлау-ай,
Өмірдің бар ма байлауы-ай.

Аулың алыс кеткенде, қимас қалқа,
Жұма сайын жорғамен көрін де тұр.

Майтөбе – біздің жайлау-ай,
Өмірдің жоқ қой байлауы-ай.

Бұл өмірдің қызығы жайлаудағы,
Ал көңілім жастықпен қайда аумады?

Майтөбе – біздің жайлау-ай,
Өмірдің бар ма байлауы-ай.

Сен түскенде есіме, беу, қарағым,
Мұңаямын ботадай байлаудағы.

Майтөбе – біздің жайлау-ай,
Өмірдің жоқ қой байлауы-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: