Маусымжан (текст)

Қыз қосылса теңімен жыламасын-ау,
Көздің жасын көл қылып бұламасын.

Маусымжан, Маусымжан,
Танимын, қалқам, даусыңнан.

Екі жасты бақытты ете көр деп
Біздер бата берейік сұраған соң.

Маусымжан, Маусымжан,
Танимын, қалқам, даусыңнан.

Айналайын, қарағым, асыл айнам-ау,
Құрбыңызға болар ма тиер пайдаң.

Маусымжан, Маусымжан,
Танимын, қалқам, даусыңнан.

Сүйгендіктен мен саған айтар сөзім-ау,
Ендігісін, жан қалқа, өзің ойлан.

Маусымжан, Маусымжан,
Танимын, қалқам, даусыңнан.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: