Мереке (текст)

Той тойлап ән шырқайын қалқама арнап,
Торғындай толқындаған ей, сөзді парлап, игәй-гәй.
Жақсы өмір сән-салтанат орнатуға,
Қажымай еңбек етем ей, алға самғап, игәй-гәй.

Мінген атым көк дөнен,
Оза шапқан бөгдеден.
Тиірменнің тасындай,
Қызыл тілім дөңгелен.

Әй үй мереке
Қылма босқа келеке.
Дидарыңа біз құмар,
Алма мойын жеңеше.

Домбырам екі ішекті қолға алайын,
Құбылтып неше алуан ән салайын, игәй-гәй.
Өлеңші атамыздан арылмаған,
Мен неғып бұл өнерден құр қалайын, игәй-гәй.

Мінген атым көк дөнен,
Оза шапқан бөгдеден.
Тиірменнің тасындай,
Қызыл тілім дөңгелен.

Әй үй мереке
Қылма босқа келеке.
Дидарыңа біз құмар,
Алма мойын жеңеше.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: