Меркін (текст)

Ендеше қара меркін, қара меркін,
Мырзаның киер ме едік құндыз бөркін.
Мырзаның киіп алып құндыз бөркін,
Өзімен ойнар ма едік емін-еркін.

Мен нәзік болсам да өзім текті нәзік,
Сөзіңді келем деген еттім азық.
Жігіт боп өз сөзіңде тұрмаған соң,
Құлындай сақау шықкан кеттім азып.

Айтар ма сәлемімді ала қарға,
Болған соң, аулың шалғай шара бар ма.
Жорғаңмен біздің жақтың тойына кел,
Жылқыңды бақтырып бір балаларға.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: