Нартай

Мен өзім кішкентайдан ән саламын,
Әнімді жаяулатып жай саламын.
Біздерден үлкендер де, кіші де отыр,
Азырақ өлеңімнен тайсаламын.

А, әлилили, ау!

Көшкенде жылқы айдаймын қиқу салып,
Қолыма солқылдақтан құрық алып.
Салдары сағынғанның осылай деп,
Мен жүрмін әдемінің әнін салып.

А, әлилили, ау!

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: