Ой-ей-ау (текст)

Мінгенім дәйім менің сусыл сары,
Сусылдар шапқан сайын, ой аттың жалы-ей-ай.
Кеткенде аулың алыс екі-ай қалқам.
Болмайды бір өзіндей ой, жанның бәрі ей, ай.

Ойгигай, сәулем-ай.
Мен жерімді мақтауға әнім дайын-ей,
Қызу еңбек қайнаған күн-күн сайын.

Ой, гигай сәулем-ай,
Қонса жақсы аулың-ай.

Тал-терегі мәуелеп бір-бір сайдың-ей,
Өң береді өлкеге қызыл қайың.

Ой, гигай сәулем-ай,
Мұнда отырған аулың-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: