Ой, жаным-ай (текст)

Бұлт астынан күн басар қырдан асып,
Гүл жайнаған өмірге болдым ғашық, ой, жаным-ай.
Жастық дәурен барады-ау бастан өтіп,
Аз ғана күн жүрейік қолтықтасып, ой, жаным,
Әзіліңді қой, жаным-ай.

Ой, жаным,
Тойладым.
Қызығына-ау жалғанның
Тоймадым-ау.

Терең судың түбінде балық жүрер,
Құдай берген нәсібін алып жүрер, ой, жаным-ай,
Жақсылармен ойнасаң шаттанарсың,
Жамандардан көңілің қалып жүрер, ой, жаным,
Әзіліңді қой, жаным-ай.

Ой, жаным,
Тойладым.
Қызығына-ау жалғанның
Тоймадым-ау.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: