Ой құрбым, ой сәулем (текст)

Айналайын көзіңнен, ей, бұлбұлым-ай,
Тас бастаудың суындай, ой құрбым, ой сәулем, мөлдірім-ай-ау.
Көрмегелі жүзіңді-ей көп күн болды-ай,
Аман-есен жүрмісің, ой құрбым, ой сәулем, белгірім-ай-ау.
Айналайын қарағым, ей, жүрсің бе аман,
Өзім көрген аман ба, ой құрбым, ой сәулем, бала-шағаң-ай.
Көрмегелі жүзіңді-ей көп күн болды-ай,
Сәлем жолдап жүруші ем, ой құрбым, ой сәулем, мен де саған-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: