Охой, жаным (текст)

Көрінген көтеріңкі-ау биік аспан,
Әлемге ай менен күн, ей ахау, нұрын шашқан, охой, жаным, охохой.

Ей,
Ахау, бүрлен,
Кісіде арман болмас,
Ей, ахау, сізбен жүрген,
Охой, жаным, охохой.

Қарағым, айналайын, оу, қырғи қабақ,
Сен едің суда жүзген, ей, ахау, алтын шабақ, охой, жаным, охохой.

Ей,
Ахау, бүрлен,
Кісіде арман болмас,
Ей, ахау, сізбен жүрген,
Охой, жаным, охохой.

Салсам да күміс қармақ, оу, ілінбейсің,
Қайтейін қылығыңды, ей, ахау, беу, ақтамақ, охой, жаным, охохой.

Ей,
Ахау, бүрлен,
Кісіде арман болмас,
Ей, ахау, сізбен жүрген,
Охой, жаным, охохой.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: