Пани жалған (текст)

Қарағым, айналайын, алтыным-ай,
Көргенде ақ дидарың балқыдым-ай.
Көп айдың көрмегелі жүзі болды,
Жүрмісің есен-аман, жарқыным-ай.

Ахахау, пани жалған,
Бұл пани екі айналып
Келмес арман.

Қарағым, айналайын, келдің қайдан?
Ала үйрек, алма мойын ұшар сайдан.
Ой, қалқа, мекеніңді айтып қойшы,
Адамның жат болмағы осындайдан.

Ахахау, пани жалған,
Бұл пани екі айналып
Келмес арман.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: