Пани жалған (2-нұсқа) (текст)

Қолыма сөз сөйлейін домбыра алып,
Құрбылар тыңдасаңдар зейін салып.
Тайпалған талай жорға өткен бұрын,
Қонатын қайда барса жалын шалып.

Ла-ла-а-ай пани жалған,
Ли-ла-ла-а-ай,
Ли-ла-ла-а-ай,
Ли-ла-ла-ку-лай,
дау-а-ау-а-ей!
Атыры айдай
Өттің шіркін, жалған, а-ей.

Дүние ойлап тұрсам қыс пен жаздай,
Келетін бір күн тойлап қоңыр қаздай.
Алтындай жарқылдаған алдауы көп,
Ер болсаң ерікті бол дүниеге азбай.

Ла-ла-а-ай пани жалған,
Ли-ла-ла-а-ай,
Ли-ла-ла-а-ай,
Ли-ла-ла-ку-лай,
дау-а-ау-а-ей!
Атыры айдай
Өттің шіркін, жалған, а-ей.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: