Сарыарқа менің жерімді-ай (текст)

Қарағым, айналайын келдің қайдан,
Ақ үйрек алма мойын ұшар сайдан,
Халалакім иғай,
Иғай,
Халалакім иғай!

Сары(ы)арқа-менің жерімд(і)-ай,
Сағындым ғой жан елімд(і)-ай.
Айдой!
Үйрек ұшып, қаз қонған
Айдын да шалқар көл-ай,
Көл-ай! Келімд(і)-ай-ау!

Қарағым мекенінді айтып қойшы-ай,
Адамның жат болмағы осындайдан,
Халалакім иғай,
Иғай,
Халалакім иғай!

Сары(ы)арқа-менің жерімд(і)-ай,
Сағындым ғой жан елімд(і)-ай.
Айдой!
Үйрек ұшып, қаз қонған
Айдын да шалқар көл-ай,
Көл-ай! Келімд(і)-ай-ау!

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: