Сағынба, құрбым (текст)

Кеткенде елді тастап алыс жаққа,
Жетті ме созған қолың атақ, даңққа.
Бәйгеден күнде озсаң да, жат ел ылғи
Санайды өз жабысын арғымаққа.

Сағынба, құрбым, сағынба,
Сағынар күнің алдыңда.

Күнде алшы түсірсең де асығыңды,
Көрмейді жат жер сені тасы құрлы.
Шеңгел де өз жерінде дүркірейді,
Әркімнің өз елінде басы құнды.

Сағынба, құрбым, сағынба,
Сағынар күнің алдыңда.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: