Солқылдар соқса жел (текст)

Қызыл-қызыл таулардың қиясы бар,
Қиясы бар жерлердің миясы бар.

Ақ саусақ, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.

Ерінбей-ау өлеңді айтар едім,
Алпыс пенен жетпістің ұяты бар.

Ақ саусақ, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.

Айналайын қарағым, айнам жақсы,
Залалыңды тигізбе, пайдаң жақсы.

Ақ саусақ, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.

Бір сөз айтсаң жаманға қор етеді,
Қорғасындай балқыған қайран жақсы.

Ақ саусақ, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: