Сырласым (текст)

Шығамын еріккеннен қыр басына,
Өзімсіп сөз сөйлеймін сырласыма.
Ха-ли-ләу, ха-ли-лей-лау!
Дос болып қастасқаннан жаман түк жоқ,
Қасқыр да қас қылмайды жолдасына.
Ха-ли-ләу, ха-ли-лей-лау!

Ой, ха-ли-ли-ли-лил,
Ай, ли-ли-ли-ли, ау!

Жігіттер, түрлене бер тоты құстай,
Болмайды жігіт жарлы тәңірім қыспай.
Ха-ли-ләу, ха-ли-лей-лау!
Басында әр төбенің өлген жатыр,
Тіріге жазы-қысы қосылыспай.
Ха-ли-ләу, ха-ли-лей-лау!

Ой, ха-ли-ли-ли-лил,
Ай, ли-ли-ли-ли, ау!

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: