Сырғалы жеңгей (текст)

Ендеше, қарағайлы, қарағайлы,
Топ жылқы қарағайды аралайды, жаным, жеңеше-ай,
Ән салып, әзілдесіп отырайық,
Үндемей қойғаныңыз жарамайды, жаным, жеңеше-ай.

Сырғалы жеңгей, сыртыңнан
Таныс едім былтырдан.
Тамашаңа таң қалып,
Талай адам ұмтылған.

Ендеше, теріскейлі, теріскейлі,
Топ жылқы теріскейді тегіс жейді, жаным, жеңеше-ай.
Бас қосып бағыландар отырғанда,
Ән салмай отырғаның келіспейді, жаным, жеңеше-ай.

Сырғалы жеңгей, сыртыңнан
Таныс едім былтырдан.
Тамашаңа таң қалып,
Талай адам ұмтылған.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: