Тайбурыл ат (текст)

Асынған мойыныма алма қауыз-ей,
Жер ауызды бөгейді, жемес ауыз-ай.
Тайбурылмен таласып күрең атқа-ей,
Не қылмады бір күнде бізге жауыз-ай.

Тайбурыл ат,
Қиқу жанат.
Сұңқар қанат,
Ол жасанған сан тойда
Қос жүйрік ат-ай.

Жылқым сайға тоқтамас жел келгенде-ей,
Жер шаңды аяқ тартады ел келгенде-ей.
Әнге салып берейін бір-екі ауыз-ей.
Өздеріңдей жолдастар кез келгенде-ей.

Тайбурыл ат,
Қиқу жанат.
Сұңқар қанат,
Ол жасанған сан тойда
Қос жүйрік ат-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: