Талма бел (текст)

Ауылым көшіп барады Ылай көлге,
Шағын бешпент жарасар қынай белге.

Талда ойнар талым-ай,
Талма бел жарым-ай.

Жерің шалғай кеткенде, ей жан сәулем,
Көзің жасын көл қылып жылай көрме.

Талда ойнар талым-ай,
Талма бел жарым-ай.

Біздің ауыл сұрасаң ту көрінер,
Ақ тамақтың астынан күн көрінер.

Талда ойнар талым-ай,
Талма бел жарым-ай.

Ауылың алыс кеткенде, ай қарағым,
Сендей болып көзіме кім көрінер.

Талда ойнар талым-ай,
Талма бел жарым-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: