Таң күзеткен (текст)

Көрінер-ей көгеріңкі белдің тасы-ай,
Жоғалттым көк ала айғыр малдың басы-ай.
Түскенде сәулем еске-ей, қарағым-ай,
Көп толды омырауға көздің жасы-ай.

Арасы екі ауылдың бел болады-ай,
Түйеге екі сандық тең болады-ай.
Кеткенде аулың алыс-ей, қарағым,
Қойныма көзім жасы сел болады-ай.

 

Сөзі: Халық әні

Әні:

Орындаушы:

Видеоға сілтеме: